Магистратураға тест тапсырған 265 адамның нәтижесі жойылды

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижелері шықты. Тестілеу басталғалы кешенді тестіні 35 мыңға жуық адам тапсырған.

Биыл магистратураға түсуге республика бойынша 46 066 өтініш келіп түсті. Тест тапсырғандардың 45%-і шекті балл жинады. Әзірше орташа балл 72 болып тұр.

Ереже бұзғаны үшін 265 адамның тест нәтижесі жойылды. Оның ішінде:

  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 144 оқуға түсуші тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды;
  • 117 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды;
  • постпрокторинг (видеожазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша төрт адамның нәтижесі жойылды.

Кешенді тестілеуге кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы төрт бөгде тұлға анықталды,

деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы Facebook-парақшасында.

Орталық тест тапсырушыларға мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде, ал техникалық себептер бойынша өтінішті тестілеу кезінде ғана бере алатынын еске салды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago