Махамбет ауданының әкімі өзенге батып кетті

Ол 39 жаста еді.

31 шілде күні түстен кейін Орал өзенінде Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жаңғылышов суға батып кетті, деп жазады «Ақ Жайық» газеті.

Газеттің мәліметінше, Ринат Жаңғылышов Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында суға шомылған. Әкімнің қасында біреу болды ма, жоқ па белгісіз.

Денесі әлі табылған жоқ. Ақпаратты аудан әкімдігінің қызметкерлері растады.

Облыстық ТЖД 31 шілде күні сағат 22.38-де кезекшіден хабарлама келіп түскенін айтты. Жаңғылышов белгісіз жағдайларда Орал өзеніне батып кеткен.

Оқиға орнына Атыраудан бір техника бірлігі бар үш құтқарушы, сондай-ақ ТЖБ бастығы шықты. Мән-жайлар анықталуда.

Ринат Жаңғылышов 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеушісі болып бастаған. 2006-2018 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындарды басқарды. 2018-2019 жылдары Атырау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қараша айынан бастап Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды. Өткен жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago