Categories: Галерея

Марқұм Мұрат Насыровтың әйелі мен балалары қазір қайда

2007 жылдың қаңтарында танымал эстрада әншісі «Мальчик хочет в Тамбов», «Я — это ты» және тағы басқа хит әндердің орындаушысы Мұрат Насыров қайтыс болды.

Жасыратыны жоқ, музыканттың өлімі шоу-бизнес өкілдері арасында да, жанкүйерлер арасында да көптеген сұрақтар туғызды.

Анығы — әртіс Ресей астанасының Вучетич көшесіндегі № 15/1 үйдегі пәтерінің балконынан құлап кеткен. Бірақ бұған не себеп болғанын жүз пайыз сенімділікпен ешкім айта алмайды.

Ресми нұсқасы – депрессия жағдайындағы суицид. Ал, Мұраттың жесірі мұны жазатайым оқиға деп есептейді. Айтуынша, балаларының әкесінің болашаққа көптеген маңызды жоспарлары болған және ол өз еркімен өмірден кетуі мүмкін емес еді.

Қалай болғанда да, 2007 жылдың 19 қаңтарында әнші өмірден озды.

Қылтың-сылтыңы аз Мұрат сүйікті әйелі Натальямен жас кезінде бас қосып, өмірінің соңына дейін бірге болған.

2007 жылдың 21 наурызында жас-жұбайлар ресми некеге отырмақ болған, бірақ үлгермеді. Ерлі-зайыптылар тоқсаныншы жылдардың басында бас қосып, азаматтық некеде өмір сүрген.

Бірнеше жылдан кейін тұңғыш қызы Лия, ал тағы төрт жылдан кейін ұлы Әкім дүниеге келді. Мұрат дүниеден озғанда қызы он жаста еді, ал ұлы алтыда болатын.

Наталья бұл кезеңді былай сипаттайды: «Біраз уақыт біз мектепке де, бақшаға да бармадық – қорғанып жүрдік, өйткені далаға шығу тіпті қорқынышты болды: журналистер камерамен қарауылдап жүретін…

Әйел балаларын жалғыз тәрбиелеп, тұрмысқа шықпады. Сондай-ақ, ол өзінің сүйіктісінің құрметіне олар бірге тұрған пәтерді сатпады, ішін сол күйі қалдырып, Мұратты жақсы білген адамдар келіп тұруына арналған мұражай жасап қойған.

Мұраттың балаларына келетін болсақ, қазір олар есейген. Жақында қызы Лия жиырма алтыншы туған күнін, ал ұлы Әкім жиырма екі жасын атап өтті.

Лия музыканы өте жақсы көретініме қарамастан, басқа саланы таңдаған. Қыз Плеханов атындағы әйгілі Мәскеу академиясының экономика факультетін бітірді, бірақ әлі мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Бірақ Әкімнің музыка әлеміне тікелей қатысы бар. Жас жігіт Гнесинское училищесін саксофон сыныбы бойынша бітіріп, осы бағытта әрі қарай жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Натальяға келетін болсақ, ол вокал бойынша мұғалім болып жұмыс істейді, бір кездері Гнесин музыкалық мектебін бітірген әйелдің керемет музыкалық білімі бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago