Қоғам

Құмар ойынға тәуелді адамдар психикалық денсаулық орталықтарына есепке алынуы мүмкін

Психобелсенді заттарды бір рет пайдаланғаны анықталған және құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктің даму қаупі бар тұрғындар психикалық денсаулық орталықтарының ақпараттық жүйесіне енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматыда «Ментальды денсаулық, психоәлеуметтік аспектілер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға 200-ге тарта шетелдік және еліміздің басқа өңірлерінің психикалық денсаулық орталығының кәсіби мамандары қатысты.

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанның психиатрия, наркология саласының білікті мамандары психологиялық көмек көрсету және дерттің алдын алу, осы уақытқа дейін психикалық орталықтардың көмегіне жүгінуден қорқатын, намыстанатын көпшіліктің көзқарасын өзгерту, жаңа әдістерді енгізу төңірегінде түрлі тақырыптарды талқылады.

Іс-iара барысында республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков «психобелсенді заттарды бір рет пайдаланғаны анықталған адамдар және құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктің даму қаупі бар тұрғындар жайлы деректерді психикалық денсаулық орталықтарының ақпараттық жүйесіне енгізе отырып, консультациялық есепке алуды ұсынды.

Мұндай есепке алудың мақсаты – адамды жазалау емес, оған көмектесу және ол жайында құпиялылықты сақтай отырып, кеңес беру, ақпараттық көмек және психологиялық қолдау көрсету.

Сондай-ақ Қуаныш Алтынбеков бүгінгі психоактивті затты қолдану фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып жатқанын жеткізді.

Ресми дерекке сәйкес, елімізде 303 284 адам, халықтың 1,5%-ы психикалық денсаулық орталықтарында динамикалық бақылауда тұрады. Олардың 64,4%-ы (195299) психикалық кеселмен, 35,6% (107985) наркологиялық дертпен тіркелген. Дегенмен еліміздің бас психиатрының айтуынша, науқастардың саны ресми көрсеткіштен көбірек болуы мүмкін.

Әлемде жасырын есірткі тұтыну деңгейін анықтаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Жүйелі түрде эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы нақты көрсеткішті айқындауға болады. Психиатриялық, наркологиялық қызметке стигматизацияның жоғары деңгейде болуы, көмекке жүгінудің аздығы, көптеген пациенттің динамикалық есепте болғысы келмеуін ескере отырып, динамикалық бақылау ережелерін оңтайландыру процесі басталды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago