Ресейде блогер, коуч Елена Блиновскаяға салық төлеуден жалтару туралы қылмыстық іс қозғалып, ол елден кетпек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Елена Блиновскаяны құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының шекарасынан бұрын жалға алған көлігімен өтпек болған кезде ұстады, оның қолында басқа мемлекетке ұшу үшін әуе билеттері болды,
делінген ведомство хабарламасында.
ТК мәліметтері бойынша, Блиновская 2019-2021 жылдары жалпы сомасы 918 миллион рубльден асатын салық төлемеген. Ол бизнесті «бөлшектеу» жолымен Интернет арқылы ақпараттық қызметтер көрсетті, деп атап өтті ведомство.
Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде кеңседе және күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіледі. Тергеу жалғасуда.
Сонымен қатар, «112» Telegram арнасының хабарлауынша, Елена Блиновскаяға қарсы қылмыстық іс бір күн бұрын қозғалған.
Сол кезде Блиновская Алматыда ұшаққа билет сатып алды. Қазақстанға таңғы 5-те ұшып кетуі керек болған. Қауіпсіздік қызметкерлері блогерді елден ұшар алдында ұстауды жоспарлаған, бірақ бәрін алдын ала білген Блиновская маршрутты өзгертті.
Бүгін түнгі сағат бірде Блиновская жүргізушімен бірге «Майбахты» шақырып, жалға алынған көлікпен Беларуське қарай жол тартты. Блиновская Смоленск ауданындағы шекараға жақын жерде ұсталды,
деп атап өтті Telegram арнасы.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…