Әнші, композитор Мархаба Сәби Мирас Жүгінісовке ренжулі. Оған автордың әндерін әншінің мәтінін рұқсатсыз айтып шығуы.
Бұған дейін үндемей келдім. Біз Мирас Жүгінісовпен, композитор Мұрат Қабыловпен бірге 2019 жылдан бері жұмыс істеп бастадық. Қабылов әнін жазады, мен сөзін. «Әдетте тәтті, тәтті басында», «Сүйем», «Мың есе», «Ол» деген әндердің мәтінін 70 мың теңгеге жазатынмын. Бір кезеңге дейін ән сөздерін жазатынмын. Кейін мен Мирастан өзгерістер байқадым, көкірегін көрдім, содан мәтін жазбайық деп шештім,
дейді Мархаба Сәби.
Сосын ол Мұрат Қабыловқа «Идея» әніне сөз жазып бергенін айтқан. Сондай-ақ, «Уақыт» әнінің сөзін жазып берген.
Бірақ менің рұқсатымсыз ол әндерді Мирас Жүгінісов айтып шықты. Авторы еш жерде белгіленбеген. Не деген құрметсіздік. Мен мұны түсіне алмадым,
деп таңғалады ол.
Мархаба Сәбиге Жүгінісов жауап берген.
Instagram-Stories-інде ол «Негізі барлық жерде көрсетілген Мархаба ханымның автор екені. Менің интервьюлерімді көрген адамдар біледі, мен барлық жерде Мура досымның әнін жазатынын, Мархаба ханымның сөзін жазатынын және сөздері бөлек екенін айтып жүремін», — деп жазған.
Алайда оның айтуынша, «Қазақстан дауысында Мұхамедәлі редакторларға қазіргі автордың атын қателікпен жазып жіберіпті».
Ол үшін шын жүректен сұраймыз. Жеке де хабарласып кешірімін алдық,
деп жазған әнші.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…