Мархаба барлық концерттерінен қалмайтын, ылғи да алдыңғы қатардан орын алатын тыңдарманымен кездескен екен. Сол адам өзінің жеті жасында зорлық-зомбылық көргенін, әлі күнге дейін психологиялық травмадан арыла алмай жүргенін айтқан. Кейіннен Мархаба осы әнді шығарған.
Осындай оқиғалар мен әндерден кейін Мархабаны қалай жақсы көрмейсің. Жаның қиналып кеткенде, ішіңе жиналып қалған ауыр жүкті суырып алатын «Жүйе», «Асау жүрек», «Қай заман» деген сияқты әндері көп қой. Бірақ мына әнінің орны бөлек.
Биылғы көктемде Алматыда 3 мәрте шағын акустикалық берген болатынмын. Үшеуінен де қалмай келіп, тура алдыңғы қатарда бетпе бет отырып алатын бір тыңдарманым бар. Барлық әнімді сезініп, түсініп тыңдайтынын, нағыз рухани туысым екенін байқадым.
Сол тыңдарманым, бір күні менен жеке кездесуді өтінді. Арнайы сыйлығым бар соны табыстасам деді. Менің өнерімді тереңнен бағалайтын тыңдармандарымның бірі болғандықтан келістім. Содан кездестік. Маған арнайы сыйлыққа әкелген сыбызғысын табыстады. Әңгімеден әңгіме шығып, танысып, талай қиын сәттерде менің әндерімнен жұбаныш тауып күш алғанын айтып берді.
Содан бастан өткерген ең қиын жарасымен бөлісті. Біреудің жан жарасын өзімдікі сияқты өте жақын қабылдайтын қасиетім бар. Айтудың өзі ауыр, естіген кезде жүрегім шымырлап, жүйкем қысылып кетті.
7 жасында зорлыққа ұшырағанын айтты. Әлі жазыла алмай жүргенін, арыла алмай жүргенін, бұзылған психикасын әлі толық қалпына келтіре алмай жүргенін айтты. Құшақтасып, қосылып жылап алдық. Соған қарамастан өзі өте мықты қыз екен, әділдік деп шырылдаған, ешкімнен көмегін аямайтын, тіпті кейбір құрбыларын ажалдан алып қалған кездері болыпты.
Қысқасы өте ауыр күйде үйге қайттым. Жаны да, тәні де қорланған қоғамымыздың жүз мың нешінші бейнесі. Менің қолымнан не келер еді деген сұрақтар мазалады. Менің қолымнан келетіні ән ғана ғой.
Сол толқыныстан «Арылу» атты әнім туындады. Аз да болса осы әніммен демеу, шабыт бергім келді. Әр адамда тағдыр салған, ұмытқысы арылғысы келетін көп жара бар. Оны еңсеріп, күресіп, арылып үйренбесе ертеңін улайтын жазылмас дертке айналатыны анық. Сондықтан қандай түнектен өтсек те ертеңге сенімді жоғалтпау, өмірден түңілмеу керек деген оймен осы әнім шықты.
Қолдарыңыз бос кезде тыңдап шығыңыздар. Ұнаса плейлистіңізге жазып, жүктеп алыңыз!
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…