Оқиға

Мароккода жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Еuronews хабарлауынша, табиғи апаттан зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі кезде үйінділерді аршу жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Елдің король сарайынан хабарлағандай, ту үш күн бойы жартылай төмен түсіріледі.

Жексенбіге қарай құтқарушылар ең көп зардап шеккен аудандарға жетті, ал тау баурайындағы бірқатар елдімекен мүлдем байланыссыз қалды.

Үш күндік қаралы күн жариялаған елге дүниежүзінің көптеген елі өз көмегін ұсынып жатыр, оның ішінде бұрыннан жалғасып келе жатқан аумақтық дауға және дипломатиялық байланыстардың үзілгеніне қарамастан, Алжир де гуманитарлық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін ашуға уәде берді.

Еске салайық, Марокконың Марракеш қаласында 9 қыркүйекке қараған түні болған 7 балдық жер сілкінісі ел тарихындағы соңғы ғасырдағы ең ірі жер сілкінісі болып тіркелді.

Зілзаладан қаза тапқандар саны 2 122, жараланғандар саны 2 420-ға жетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago