Categories: Саясат

«Масс-медиа туралы» заң журналист мәртебесін көтереді — министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan ұлттық арнасының Apta бағдарламасына сұхбат беріп, министрлік жаңа заң жобасын дайындап жатқаны туралы әңгімеледі.

Айтуынша, ақпараттың қолжетімді болуы өте өзекті мәселе.

Бірінші кезекте, ақпарат анық, деректер тексерілген болуы керек. Министрлік ретінде кез келген тұтынушыға ақпаратты беруге немесе басқа ведомстволардан алып беруге дайынбыз. Қазіргі уақытта біздің министрлік жаңа заң жобасын талқылауға ұсынды. Бұл «Ақпараттық қолжетімділікті жеңілдету» деп аталады. Онда журналистердің жұмысын жеңілдететін көптеген мәселелер қозғалған. Біздегі жалпы ақпарат алу мәселесін көп жеңілдетеді,

деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар заң жобасы ТЖ кезінде журналистерге ақпараттың жылдам қолжетімді болуына да әсер етеді.

Кешегі өрт немесе миграция жағдайында біздің Үкімет мүшелері де арнайы брифингтер өткізді, әртүрлі арналарға шығып жауап берді. Сондықтан  біздегі ақпарат алмасу едәуір жылдамдағанын байқауға болады. Бұл туралы біз «Масс-медиа туралы» заңда да қарастырамыз,

деді Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ министр «Масс-медиа туралы» заңда журналистерге қатысты қандай жағымды жаңалық болатынына тоқталды.

«Масс-медиа туралы» заң біраздан бері талқыланып жатыр. Атауында да өзгеріс бар. Жалпы қоғам талқылануындағы негізгі ұсыныстардың барлығын біз қаперге алдық. Мұндағы бір-ақ мәселені айта алам: журналист мәртебесін көтеруді ойластырдық. Сонымен қатар ақпарат алу, онлайн-платформалар туралы да өзгерістер енгізіледі,

деп түсіндірді министр.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

20 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago