Коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны цунами сияқты әлемнің кейбір елдеріне төніп келді. Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Алайда коронавирустың ғана емес, барлық аурулардың штаммдары тез түрленіп жатыр.

Мысалы, ұжымдық иммунитеті әлсіреген қоғамға ковидті алмастыратын тұмау вирусы әлі де үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай аурулардың алдын алуға ерекше назар аудару керек. Демек, А және В тұмауының маусымдық вирустарына қарсы вакциналар айналымдағы штамдардың өзгеруіне байланысты үнемі жаңартылып отыруы керек.

Дүние жүзіндегі ғалымдар тұмау вирусының әртүрлі штаммдарынан қорғауды қамтамасыз ететін әмбебап дәрі-дәрмек жасау үстінде. Алайда, Джорджия университетінің америкалық ғалымдар тобы В тұмауына қарсы әмбебап вакцина ойлап тауып, осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, деп жазады Science Daily, олардың вакцинасы клиникаға дейінгі зерттеулерде жоғары тиімділік пен қауіпсіздікті көрсетті.

Препарат негізінде ақуыз нанобөлшектері мен құрылымдық тұрақты антигендер бар, олар бірігіп кең спектрлі иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді. Жасуша тұқымында алғашқы тәжірибелерге сүйене отырып ғалымдар нанобөлшектер қоздырғыштарға қарсы иммундық реакцияларды бастау үшін өте маңызды дендриттік жасушаларды тиімді жұмыс істеткенін атап өтті.

Тышқандармен кейінгі тәжірибелерде вакцина екі линиядағы В тұмау вирусының штамдарына қарсы қауіпсіздік пен жоғары иммуногенділікті көрсетті. Қазір ғалымдар мультивалентті әмбебап вакцина жасау үшін бұрын жасалған А тұмауының нанобөлшектерін жаңа В тұмауының нанобөлшектерімен біріктіру үстінде.

Бір қызығы, осыған ұқсас әмбебап вакциналардың бірін АҚШ-тағы клиникалық зерттеулер аясында сынақтан өткізе бастады. Оның тиімділігі екі форматта зерттеледі – бұлшықетішіне құю және интраназальды, яғни тамшылар мен мұрын спрейі түрінде.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago