Categories: Саясат

McDonald’s-тің кетуі. Біздің орыспен дос болғанымыз

Америкалық аспаз компанияның Қазақстаннан кетуіне қатысты талқылау толастамай тұр. Бұдан шетелде бой тасалап жүрген саясаткерлер де сырт қалмапты.

Канаданы паналаған «ҚазАтомның» экс-топ менеджері Рүстем Тұрсынбаевтың айтуынша «мұны елдегі еттің сапасымен байланыстыру логикаға сыймайды».

Dalainside сарапшының аргументтерін ұсынып отыр.

«McDonald’s-тың Қазақстандағы дәмханалары осы күнге дейін қажетті ингредиентті теріскей көршіден алдырып келді.

Мак Ресейден теріс айналғанмен, осы компанияға ет тасымалдаған орыстың компаниясы орнында. Медведевке тиесілі Мираторг қажетті шикізатты Қазақстанға қиналмай жеткізер еді. Мәселе етте емес, сапа стандарты сылтау ғана…

Ендеше McDonald’s Қазақстанды неге тастап кетті?

Бұған себеп – біздің орыспен дос болғанымыз. Путиннің сөзін сөйлегеніміз. Ресейдің сыбайласы атанғанымыз. Күллі әлем бізді солай қабылдайды.

Мак-тың елден кетуінің астарында — репутациялық тәуекелдер жатыр.

Америкалық компания абыройына дақ түсірмеуді көздейді, кету туралы ұйғарымға Қазақстандағы франшизаның қожайыны, экс-президенттің құдасы Боранбаевтың тұтқындалуы да түрткі болған.

Сөй деген Тұрсынбаев «Қазақстанның әлдеқашан санкцияға ұшырағанын әрі шетелдік инвестицияға сусап отырғанын» айтыпты.

Естеріңізде болар, бұған дейін McDonald’s-тың деңгейіндегі америкалық компания Қазақстанда ет өңдейтін зауыт салмаққа ниеттенген. Әңгіме емеуріннен әріге аспады. Елдегі инвестклиматты мұқият шолып шыққан Батыс бизнесі Жаңа Қазақстанның заңнамасынан кінәрат тапты. Елдегі саяси ахуалға талдау жасады, теріскейдегі көршісі түртпектеп отырған елде саяси тұрақтылық орнай қоярына күмәнмен қарады. Ең бастысы «Ресейдің сыбайласымен» сөз байласудың қауіп-қатері мол боларын түсінді,

дейді ол.

Әлемге әйгілі брендтің Қазақстаннан нарығынан едел-жедел шығып кетуі әсте жақсы үрдіс емес.

Қазақтар бургерсіз қалғанына қынжыла қоймас, біз үшін қыстан соғымсыз шығу сынақ.

Мәселенің әлеуметтік сипаты бар: Қазақстандағы McDonald’s брендінің алғашқы мейрамханасы 2016 жылы ашылды. Елде жалпы 24 мейрамханасы болды. Олар Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында орналасты. Мейрамханалар 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған.

Оларды қайда жібереміз? Мак-тың аналогын ашуға қазақ кәсіпкерлерінің қайсысы тәуекел етер екен?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago