«Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында туристермен бірге кабиналар тоқтап қалды  

«Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында кабиналарда адамдар қалып қойғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты. Аспалы жолда тұрып қалған кабиналарда туристер 2,5 сағат отыруға мәжбүр болған.

Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 желтоқсан күні «Медеу – Шымбұлақ» аспажолы техникалық ақауға байланысты сағат 16.30-17.15 аралығында, яғни 45 минутқа тоқтатылды. Себебі аспалы жолдың техникалық жай-күйіне мониторинг жасайтын жүйедегі ақау. Орталық пунктіге мәліметтердің түсуі тоқтағаннан кейін, аспалы жолдың жұмысы да тоқтаған.

Тоқтау кезінде «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында қалып қойған қонақтарды түсіру үшін сағат 17.15-те резервті режимге көшу және іске қосу жүргізілді. Іске қосу жұмыстары «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының техникалық бригадасы ақауды толық жойғанша жалғасты. Сағат 18.30-да ақау толығымен жойылып, аспалы жол штатты режимде жұмысын жалғастырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago