Фото: ашық дереккөзден
Жастарға берілген жалдамалы пәтер. Алматы ғана емес, Астана мен Шымкентте де осы проблема. Жастарға арналған үй алатын басқа баламалы бағдарлама жоқ. Басқасы басқа, дәл осы 3 қалада 50% жинау қиын. Оның 1,5 жылы пандемия болса.
Жай ғана қарапайым сұрақ:
Осы бағдарлама арқылы жалдамалы пәтер алған жастардың айлығы басым бөлігі 120.000-250.000 арасы. Осындай айлықпен, Республикалық маңызы бар мегаполистерде үйдің 50% жинауға келе ме? Әрі бұл жастар осы пәтерлерге 2019 жылы кірді.
Екінші сұрақ:
2019 жылдары 40 шаршы метрлік пәтер бағасы қандай еді? Қазір қандай?
Қош, нарықта бастапқы жарнасы 50% емес, 20%-дық 7-20-25 бар делік… Оның лимиті 5 минутта бітіп қалып жатыр емес пе?! Халық үй ала алатындай, елге қолжетімді бағдарлама керек.
Қазіргі мәселе мынау. Алматыда 1000-нан аса жас баспанасыз қалуы мүмкін. 2019 жылы «Сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының» аясында 1050 жас баспаналы болған.
29 жасқа дейінгі жандарға осы уақыт ішінде тұрғын үй сатып алу немесе бастапқы жарнаны жинақтау ұсынылыпты.
Алайда жастар «қымбатшылық қысқан заманда қаржы жинақтау мүмкін болмады» дейді. Оның үстіне араларында 5 жылда шаңырақ көтеріп, 3-4 баласы бар жас отбасыға айналғандары да жетерлік.
Үкіметтен тегін үй сұрап отырған ешкім жоқ. Жастар қазіргі тұрып жатқан үйлерін 10 пайыз алғашқы жарнамен, 5-7 пайыз жылдық үстемақымен берсе дейді.
Бір ғана Алматы қаласында 3000-нан аса жас жалдамалы баспаналарда тұрып жатыр. Олар бір бөлмелі пәтерге 11 мың теңге, 2 бөлмелі баспанаға 15-17 мың теңге салық төлейді екен. Ал коммуналдық төлем жазда 20 мыңнан, қыста тіпті 40-50 мыңға дейін жетеді дейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…