Categories: Қоғам

Мейіржан Төребаевтың әйелі Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

Вайнер Мейржан Төребаевтың әйелі, кәсіпкер Дана Есеева Михаил Козачков ұсталғаннан кейін журналистерге көкейінде жүрген сұрақтарды қойды. Айтуынша, журналистер мен қоғамдық құқық қорғау ұйымдары әділетсіз әрекет етуде.

Михаил Козачков ұсталғаннан кейін журналистер мен құқық қорғау ұйымдары кінәсіздік презумпциясы туралы айта бастады. Менің бір сұрағым бар: қоғамдық резонанс туғаннан кейін Мейіржанды ұстаған кезде сіздер қайда болыңыздар? Сіздер Михаил Козачковтың Телеграм арнасындағы айыптаулар негізінде ақпарат алып, өз парақшаларыңызда, сайттарыңызда жарияладыңыздар. Бәрің сол кезде кінәсіздік презумпциясы туралы ұмытып кеттіңіздер,

деп налыды Дана Есеева.

Дананың есептеуі бойынша Михаил Козачков өз Телеграм арнасында Мейіржанды айыптап 22 пост жазған. Мейіржан бұл істе жәбірленуші болған кезде де, бірде-бір дәлелі болмаса да «Неге ол СИЗО-да емес?», «Неге оны отырғызбай жатыр?», «Неге ол әлі бостандықта жүр?» деп қоғамдық резонанс тудыруға тырысқан.

Тіпті квалификация туралы қаулыны бәрімізден бұрын Михаил Козачков өз Телеграм арнасында жариялаған. Оны тіпті оның адвокаты да көрмеген еді. Ол құжат бізден бұрын оған қалай түсті? Және тергеу кезінде мұндай құжатты жариялауға болмайды ғой,

дейді Дана Есеева.

Сондай-ақ, ол әділдік іздеп шырылдап жүргенде Михаил Козачков Дана Есеева туралы да түрлі қаралайтын видеолар жариялаған. Осыған байланысты оның құқық қорғау ұйымдарына сұрағы барын айтты:

Мен табалап қуанып тұрғаным жоқ, бірақ құқық қорғау ұйымдарына сұрағым бар. Неге Қазақстан Республикасының бір азаматына қатысты сіздер кінәсіздік презумпциясы туралы естеріңізге аласыздар да, ал екіншісіне келгенде ұмытып кетесіздер? Одан қалды еш дәлелсіз Мейіржан қаржы пирамидасын құрды, ҰҚТ мүшесі деген жалған ақпаратты таратасыздар? Неге бұлай бөлесіздер? Қазақстан Республикасының азаматтары бәрі заң алдында тең емес пе еді? Мен жай ғана әділдік орнағанын қалаймын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago