Фото: Saudigazette.com.sa
Меккеге барар жолда жол-көлік оқиғасы болды. Автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты, тағы 29 адам түрлі жарақат алды.
Saudigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Автобус көпірге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілді.
Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жетіп, құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…