Білім

Мектеп баланың балалық шағын ұрламас үшін не істейміз?

Қыркүйек өз мәресінен асып, оқушылар мектепке ағылды. Шәкірттер арасында білім ордасының табалдырығын алғаш аттағандар да бар. Ойын баласы мектепке қалай үйренеді? Мектеп баланың балалық шағын ұрламас үшін оны қалай оқыту керек?

Осы сұрақтарды біз Алматы мен Астана қалаларындағы дамыту орталығының мамандарына қойып көрдік.

Мамандар бір ауыздан «ойын» деп жауап берді. Яғни баланы ойын арқылы оқыту керек.

Альбина Ыбрайымова мен Әсия Белеуханова есімді екі ханым негізін салған Алматыдағы Lagom балаларды дамыту орталығы сапалы білім беруді көздейді.

Біз сапалы білім беруге ұмтыламыз. Маңызды академиялық бағдарлама арқылы оқыта отырып, «балаға салмақ түсіріп жіберген жоқпыз ба» деп алаңдаймыз. Әр баланың шығармашылыққа, өз-өзін тануға арнайтын бос уақыты болуы керек,

дейді Әсия.

Оның сөзінше, даму балансы да осында «академиялық бағдарлама көп емес, сабақ пен талап та аз емес».

Оқу, есеп, жазу, ағылшын тілімен қатар, орталықта міндетті түрде арт-техника оқытылады. Шығармашылық іш пыстыратын сабақты шытырманға айналдырады: «Біз дауыл соғып тұрса да алыс елге аттанып, із кесуші Холмсқа жұмбақ қылмысты ашуға көмектесеміз. Математикада қызықты логикалық тапсырмалар береміз. Ертегітерапия сабағында бірге оқып, оқиғаларды талқылаймыз, қорытынды шығарып, қиял әлеміне бірге сүңгиміз», — дейді Альбина.

Педагогтердің сөзінше, мектепке дайындық тек оқу, жазу, есеп үйрену ғана емес. Бұл үрдіс ой-өрісті, тілді, қиял мен эмоционалды интеллектті дамытады. Ол бала дүниеге келгеннен басталады, бала орталықтан үйіне қайтқан уақытта да жалғасатын болады.

Балалар қай жерде, қандай жағдайда жүрсе де, жүрген жерін жарқырататын қабілетке ие. Дәл осы бізді орталыққа тартады. Біз балалардан күш аламыз, шынымен маңызды іс атқарып жүргенімізді сеземіз,

дейді Альбина мен Әсия.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

Алматылық «Наша Няня» балалар орталығының негізін қалаушы Наталья Вараксинаның сөзінше, балалар орталыққа үйіне келгендей қуанышпен келулері керек. Бұндай атмосфераны жасауға дұрыс таңдалған қызметкерлер, бүге-шігесіне дейін ойластырылған бағдарламалар және күн тәртібін сақтау көмектеседі.

«Біздің балабақшаның ұраны: үлкенге құрмет, кішіге ізет қыл! Балаға салмақ түсірмеу керек», — дейді Наталья. Сондықтан да ол әріптестерімен бірге балаға балалық шақ беруге тырысады, дәл осы мақсатты негізге ала отырып, оқу үрдісіне спорт, мереке, тамаққа арналған үзіліс, ұйқы мен ойынды қосқан.

Кез келген 6-7 жастағы баланы нөлден бастап мектепке толық дайындауға болады.

Ең бастысы осынау ұлы іс тек ақша табу мақсатына айналмаса болғаны. Егер бұл жай ғана бизнес болса, бала психологиясы тасада қалады. Егер шынымен баланы жан-жүрегіңмен жақсы көретін болсаң, жұмыстың бәрі жеңіл өтеді. Жай ғана өзге балаларды өз балаңдай сүйе білесің. Өз балаңа істегің келетін істі өзге балаларға жасай бастайсың,

дейді маман.

«Жаңа білім меңгеруге күлкі көмектеседі»

Алматы Вознесендік шіркеуі жанындағы «Светлица» балалар үйінің орынбасары Мария Зырянованың ойынша, жаңа білім меңгеруге күлкі көмектеседі. Күлдің бе, бірден есте сақтайсың.

Балалар абстракті ұғымдарды түсіне қоймайды, мысалы «уақыт», «тақ-жұп», «дауысты-дауыссыз» дегендерді бірден қағып алмайды. Сондықтан біз оларды ойынға баулимыз. Егер сен жалғыз тұрсаң, тақ сан, екі адам боп тұрсаң, жұп сан деген сияқты. Дауысты-дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде «А – аяғы ұзын құс, жол көрсет» деп әндетеміз. Математика сабағында ребус шешеміз,

дейді ол.

Орталықта сабақ көп: балалар математика, сауаттылық, музыка, дене шынықтыру, сурет, қоршаған орта, тіл дамыту, қазақ тілі сияқты пәндерді оқиды. Олар сабаққа қуана-қуана қатысады. «Әсіресе, қазақ тіліне деген қызығушылық көп, өйткені, мұғалім жақсы, балалар оны жақсы көреді», — дейді тәрбиеші. «Сабақ барысында олар ойнайды, сурет салады, бояйды. Өткен жылы балалар бірінші сыныпқа қарағанда көбірек қазақ сөзін жаттады», — дейді маман.

Балалар оқудан қиналған. «Не үшін оқимыз, «Алиса» бар ғой дейді. Осындайда ертегілер көмекке келеді. Рөлге бөліп алып ертегіні бірге оқимыз, кейін қуыршақ театры етіп қойылым жасаймыз», — дейді ол.

«Пойызды қуып жету – қиын»

«Қазіргі таңда ойыншықтың түр-түрі бар, алайда, балалар одан ақылды болып кетпейді», — дейді Астанадағы «Малыши-карандаши» балалар клубының негізін қалаушы Елена Мұхамадеева.

Балалармен ойнау керек, жұмыстану керек. Қанша ойыншық сатып алсаң да, егер дұрыс қолданбасаң, олар өздігінен жұмыс істемейді. Дәл қазіргі таңдағы менің жұмысым – түрлі оқу құралы мен әдістемелерден нәтиже беретін жұмыс түрін пазл сияқты құрап жатырмын,

дейді ол.

Еленаның сөзінше, бала бәрін бойына сіңіріп алатын жасты жіберіп алған ата-аналар мектепке дайындықтан қалып қоймаулары тиіс.

Қазіргі таңда бұл өте маңызды курс, өйткені қазіргі мектеп бағдарламасы балалар нөлден бастап келеді деп ойламайды. Бала бірінші сыныпқа барған кезде көп нәрсе біліп баруы тиіс, өзге жағдайда қалып қойғандар қатарын толықтыруы мүмкін. Пойызды қуып жете алмайсың. Бәрін дер кезінде істеп үлгеру керек,

дейді ол.

Маманның сөзінше, сабақтан бөлек бала жаңа ережеге, жаңа графикке, 30-дай жаңа балаға үйренуі керек.

«Егер бала бұрын жайлы жерде білім алып, сол біліммен мектепке барар болса, күйзеліс жағдайында мектеп өміріне үйрену оған мейлінше жеңіл болар еді», — дейді Елена.

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago