Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырып келген.
Заңбұзушылық деректердің алтауы Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауапты тұлғалар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген.
Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне 1 айда 6 миллион теңге үстемақы төленгені әшкере болды. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.
Жең ұшынан жалғасқан жасырын жайттардың беті ашылуынан кейін өңірдегі барлық білім ошақтарына жіті тексеру жүргізілмек.
Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды.
Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…