Мектеп дәретханасынан Елтаңба бейнеленген жәшік табылғаны үшін.
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мектептердің бірінің дәретханасына мемлекеттік Елтаңба жабыстырылған жәшік қойылғаны жөнінде телеграмм каналдардың бірінде ақпарат тараған еді. Ақпарат әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Елтаңба жабыстырылған жәшік Сұлтанрабат ауданындағы Жыланбұзған жалпы орта мектебінің дәретханасына қойылыпты.
Осындай әрекеті үшін мектеп басшылығы жауапқа тартылатын болды. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және оның заң аясында қорғалатынын естен шығарған-ау білім ордасының басшылығы.
Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 458-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама толтырылды,
делінген хабарламада.
Енді мектеп директоры 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын болды. Директорға қатысты шара Қылмыстық кодекстің 372 бабына сәйкес қолданылмақ немесе ол осы бабқа сәйкес 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…