Мектеп директорына 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Не үшін?

Мектеп дәретханасынан Елтаңба бейнеленген жәшік табылғаны үшін.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мектептердің бірінің дәретханасына мемлекеттік Елтаңба жабыстырылған жәшік қойылғаны жөнінде телеграмм каналдардың бірінде ақпарат тараған еді. Ақпарат әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған.  Елтаңба жабыстырылған жәшік Сұлтанрабат ауданындағы Жыланбұзған жалпы орта мектебінің дәретханасына қойылыпты.

Осындай әрекеті үшін мектеп басшылығы жауапқа тартылатын болды. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және оның заң аясында қорғалатынын естен шығарған-ау білім ордасының басшылығы.

Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 458-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама толтырылды,

делінген хабарламада.

Енді мектеп директоры 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын болды. Директорға қатысты шара Қылмыстық кодекстің 372 бабына сәйкес қолданылмақ немесе ол осы бабқа сәйкес 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

24 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago