Categories: Білім

Мектеп түлектерінің бітіру кеші: Антикор шенеуніктерге ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады.

Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз,

делінген ведомство хабарламасында.

Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.

Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады,

делінген ведомство мәліметінде.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

5 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

6 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago