Categories: Қоғам

«Мектеп жарылады»: Өскемен оқушылары 10 күннен бері сабақ оқудан қалды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше түскі уақытта қаладағы бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті. Мамандандырылған қызметтер дереу мектептерге келіп жетті. Білім ордаларының қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Ғимарат іші тексерілді.

Халықтан сабырлық танытуды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз,

делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл соңғы 10 күнде мектептерге бомба қойылғаны туралы алтыншы хабар. Соның салдарынан апта басталғалы бері бірнеше мектеп оқушылары сабақ оқи алмай отыр.

Алғаш рет 6 ақпанда Өскеменде сот және мектеп ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Алайда тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Сондай-ақ, бомба қойылғаны туралы хабар 9 және 10 ақпанда тағы түсіп, оқушылар мен мұғалімдер дереу сыртқа шығарылды. Тексере келе, қауіпті зат туралы ақпарат жалған екені белгілі болды.

Полицейлер кеше де бомба жайлы хабардан соң 23 мектептің оқушыларын эвакуациялауға мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, бұдан былай Қазақстанда телефон террористеріне жаза күшейтіледі.  Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін «ауыр» санатқа жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселе пысықталып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago