Мектепте діни сабақ өткізген мұғалім жұмыстан кетті

Мектептердің бірінде мұғалім діни сабақ өткізген. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видео қай жерде түсірілгені анықталды.

Видеоны Алматыдағы №176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі түсірген. Сосын WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналар чатына жіберген. Артынан мұғалімнің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. WhatsApp қолданушылары да оны жан-жақты таратқан.

Алматы қалалық білім басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, мұғалім осы мектепте 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

Мұғалімнің айтуынша, бұл діни тақырыпты сабақ басталмай тұрып, 15 минут бұрын өткізген. Кейін WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатына жүктеген және өз статусына салған. Мұндай жағдай бір рет қана тіркелген. Осы жағдайға байланысты білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, мұғаліммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде мұғалім өз еркімен жұмыстан шықты. Ал мектеп әкімшілігіне қатысты шаралар қабылданды. Осы орайда басқарма Қазақстан зайырлы мемлекет екенін, ал мектептерде соған сай білім берілетінін ерекше атап өтті.

Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында ғана сабақ өткізуге міндетті. Оқу орындарының қабырғаларында қандай да бір басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады,

деп атап өтті мамандар.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago