Тараздағы мектепте жарылыс болып, үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Astana телеарнасының хабарлауынша, оқиға 17 қыркүйек күні түнгі сағат 12 жарымда болған. Алайда бұл қайғылы оқиғаны жергілікті билік жасырып қалуға тырысқан. Тергеу қазір өрттің неден тұтанғаны анықтауда.
Өрт болған күні аймақ басшылығы ауруханаға барып, жарақат алғандарға жақын арада аяққа тұрғызуға көмегімізді аямаймыз деп уәде беріпті. Бірақ одан кейін хабарласпаған. Осы күнге дейін ешқандай көмек жоқ. Облыстық әкімдік келіп, жақсылап көмектесеміз, аяқтан тұрғызамыз деген. Әлі ешқандай көмек боп жатқан жоқ Қыздардың жағдайлары қалай болады енді мүгедек те болып қалуы мүмкін ғой,
дейді қала тұрғыны Гүлжан Садықұлова.
Тағы бір қала тұрғынының айтуынша, Астанадан келетін маман ота жасаудан бас тартыпты.
Ертерек операциясын жасаса. Міне бүгін үшіншіші күн болды ғой, біз әлі жүрміз осы жерде. Әлі Астанадан келеді, міне жасайды, міне келеді, міне келе жатыр бірақ жоқ хабар. Ал енді қазір айтып тұр Астана отказ берді деп,
дейді ол.
Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Мердігер жөндеуді тез бітіруі үшін екі ауысымда жұмыс істеткен. Бұл мектептің 1021 оқушысы маңайдағы 3 мектепке бөлініп оқуда. Ал білім ордасында болған жарылыстан барлығы 7 адам зардап шеккен. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, тағы 2-ін күйік шалған. Ал үшінші қабаттан секіріп кеткен екі құрылысшы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, — дейді Салима Нарымбетова.
Ал қалалық №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев қала әкімдігіне арқа сүйеуде:
Қабырғалары сынған, омыртқалары сынған және бір аяғы сынған. Сондықтан қазір оны жылжытып Астанаға самолетке салып жіберуге болмайды. Сол жақтың специалисттері келіп осында операция жасамақшы.
Қала әкімі ешкім жауапкершіліктен қашып жатқан жоқтығын айтып, барлығы көмек көрсетіледі деп отыр.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков зардап шеккендерге мердігер көмектесетінін айтты.
Мердігер жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Зардап шеккен азаматтарға толық көмек көрсетуге дайын. Қыздар емін қабылдап жатыр. Дәрімен басқа нәрсемен қамтамасыз етілген. Болашақта реабилитация қажет болатын болса мердігер өз тарапынан сол мәселені шешуге дайын екенін айтты. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген деп танылып, қазір қылмыстық іс ашылды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз,
деді әкім.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…