Мектептерде қаржы сауаты оқытылуы мүмкін

Мәжіліс депутаттары мектептерде қаржы сауатын оқытуды ұсынды. Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұсынысты қолдап, бұл мәселені білім министрліктерінің басшыларымен бірлесіп шешуге уәде берді.

Депутат Бауыржан Сартбаевтың айтуынша, халық банкроттық жағдайда жетпес үшін оларға мектептен қаржы сауатына үйрету қажет.

Қаржы сауатын мектептен бастап оқыту керек. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселені пысықтап, мектеп бағдарламасына қаржы сауатын енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Өйткені адам несиесін өтей алмайтын жағдайға жеткенде және банкротқа ұшыраса, оған ақшаны дұрыс пайдалануды үйрету тым кеш болады,

деді депутат.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттың ұсынысын қолдап, Оқу-ағарту және Білім-ғылым министрімен бірге талқылауға дайын екенін жеткізді.

Қаржы сауаты біздің қоғам алдында тұрған үлкен мәселе деп есептеймін. Қаржылай сауатсыз болудың кесірінен көбі қиын жағдайға тап болады. Мен қолдаймын және бұл мәселені екі министрмен көтеруге дайынмын,

деді қаржы министрі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago