Мемлекет басшысы G4 City жобасымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында  G4 City жобасымен танысты.

Алматы – Қонаев автомагистралінің бойында орналасатын G4 City жобасы аясында Gate District, Golden District, Growing District және Green District атты төрт заманауи аудан салынады.

Gate Distrtict ауданы қаржылық-іскерлік кластері, Golden District ауданы білім беру және медициналық кластер ретінде дамиды. Ал экспортқа бейімделген сауда-логистика және инновациялық-индустриялық өнеркәсіп нысандары Growing District ауданына шоғырланады. Green District мәдениет және демалыс ауданында курорттық кешен, гемблинг индустрия нысандары мен арнаулы парктер орналасады.

Даму перспективасы бойынша G4 City 2,2 миллионға дейін халық  мекендейтін интеграцияланған қала ретінде дамиды. Шетелдік инвесторларды белсенді тарту мақсатында қалада арнайы экономикалық аймақтар құру, жаңа халықаралық әуежай салу қарастырылған.

Мемлекет басшысы аталған жоба бұрыннан талқыланып келе жатқанын еске салып, инвесторлордан жобаның жүзеге асырылу мерзімін нақтылады. Сондай-ақ Президент инвесторларға G4 City қаласында қолжетімді баспана салу, қала орналасатын аумақ халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастырып, жобаның әлеуметтік жағына да мән беру керек екенін айтты. 

Мемлекет басшысы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа G4 City қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мәселесіне қатысты тапсырма берді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago