Мемлекет те, қазақ та қарыз

Қазақстанның Үкіметі де, халқы да қарыз алғанды сұмдық жақсы көреді, деп жазады Dala Inside телеграм парақшасы.

Биылғы жылдың бірінші жартысында мемлекеттік борыш көлемі 22,9 триллион теңгені құрады.

Бұл Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 24 пайызы. Біздің ІЖӨ қазір 95,4 триллион теңге деп бағаланады. Мемлекеттік борыш екіге бөлінеді: үкіметтік және үкіметтік емес. Үкіметтік дегеніміз Қаржы министрлігі немесе «Бәйтерек» холдингі алған қарыздар. Үкіметтік еместері Ұлттық Банк пен әкімдіктер алған борыштарға жатады.

Қазіргі 22,9 триллион теңгенің 20 триллионы сол үкіметтік қарыз. Оның өзі ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қарызды Қаржы министрлігі биржаға құнды қағаздар шығарып, сол арқылы алады. Сыртқы қарыздарды көбіне бізге Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк, ЕБРР сынды қаржы институттары береді. Үкімет алған 20 триллион теңгеден 12,1 триллион теңгесі ішкі қарыз, ал 7,9 триллионы сыртқы қарыз болып табылады.

Біздің Үкімет биылғы жарты жылда қарыздарды қайтару үшін 725 миллиард теңге жұмсады. Осы сома жыл санап ұлғайып келеді. Ол жақсылықтың нышаны емес.

Халық өз үкіметінен қалыссын ба? Қазақстан азаматтары 12,7 триллион кредит алып алған. Бұл тек жеке тұлғалардың қарызы. Яғни халықтың борышы Үкіметтің ішкі қарызынан 600 миллиард теңгеге асып кеткен.

Осыған қарап, қарыз алу нарығы елімізде жаңа сатыға көтерілді деп айтуға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

14 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

21 час ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

21 час ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

22 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago