Categories: Экономика

Мемлекетке 523 млрд теңгенің активі қайтарылды

Судың да сұрауы бар. Ал мемлекет қазынасына заңсыз қол сұққандар жазасыз  қалмайды. Бұл мақсатта Бас прокуратура үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мәселен, 16 қыркүйекте Бас прокуратурада заңсыз алынған активтерді қайтару мәселесі талқыланды.

Жиында Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс тобы мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газы және оларды тасымалдау шараларын пысықтады.

Дөңгелек үстел басына жиналған Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылары түйткілдерді шешу жолдарын қарастырды.

Сала мамандарының пайымдауынша, елімізде отын-энергетика кешені мен көлік нарықтарының монополияландырылғаны, бұл бәсекелестерге қолжетімділікті шектеу, соңғы өнімге жоғары маржаны белгілеу және артық кіріс алуға жағдай жасайды. Сондықтан Комиссия олигополия субъектілерінің монополиялық жағдайын белгілеуге және бәсекелестікті шектеуге әсер еткен  шешімдерге талдау жүргізу ісіне білек сыбана кіріскен.

Бұдан бөлек, квазимемлекеттік сектормен бірлесіп тауар нарықтарын монополиясыздандыру, ұлттық компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша жұмыс іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін пайдалана отырып жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, активтерді қайтару бойынша қазірдің өзінде жақсы нәтиже бар. Мысалы, прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде:

  • Мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд-тан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды;
  • қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан – 173 млн АҚШ доллары өтелді;
  • прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;
  • 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер телімдері қайтарылды.
Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

19 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

19 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

20 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago