Мемлекеттің балаға жасаған жалғыз жағдайы осы

“Бір оқу грантына 1,5 бала таласыпты. Грант санын қысқарту керек. Біздің кезімізде бір орынға 10-15, тіпті біреулер, бір орынға 30 адам таласқанбыз” деген пікірлерге қарсы әлеуметтік желіде Айгүл Жұмаділ жауап жазған екен:

“Байдың малын байқұс қызғаныпты” деген мақал ойыма келді.

Гранттық орын көп болсын!

Тіпті, бір балаға бір орыннан берсін!

Қазір мемлекеттің балаға жасап беріп отырған жалғыз жағдайы осы! Грантты қысқартса, бірінші зардап шегетін ауыл балалары болады. Ауылдағы білім сапасының деңгейін өздеріңіз де біліп отырсыздар.

Баяғыда бір орынға 10-15 баладан таласу – қазақ балаларының жоғары оқу орнына түсе алмай қалуы үшін әдейі жасалған қиындықтар болатын.

Орыс топтарына көп, қазақ топтарына аз орын берілетін. Оқуға түспеген қазақ балалары ауылға барып мал бақсын, егін ексін, қара жұмыс істесін деп.

Ал қазір өз қолың өз аузыңа жететін күн келді ғой. Неңді қызғанып отырсың?

Қазақтың әр баласы оқысын универде!

Оқығаны оқиды, оқуға қабілеті жетпегені қояды.

Аудиторияда отырып ұстаздың алдын көреді, өзі сияқты балалармен қарым-қатынас жасауды, сынақ тапсыруды үйренеді.

“Олардың бәрі диплом алып ап, ертең жұмыс жоқ, бос қалады!” дейді. Қарағым-ау, одан да сол көркем үкіметіңнен жұмыс орнын сұрасаңшы, грантты қысқартуды емес!

Не сұраудың да жөнін білмей қалдық-ау осы…

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago