Categories: Экономика

Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 28% өсті

Шығыны 20% өсті.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, еліміздің мемлекеттік бюджетке 20,2 трлн теңге түсті, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,8% артық.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жыл ішінде 9,1% өсіп, 15,8 трлн теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджет шығындары былтыр қаңтар–желтоқсан айларымен салыстырғанда 19,9% ұлғайып, 21,5 трлн теңгеге жетті. 2021 жылы мемлекеттік бюджет шығындары 18 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,3% артық.

Кірістің басым бөлігі — 73,3%-ы дәстүрлі түрде салық түсімдері есебінен алынған. Салық түсімдері бір жылда 38,4% өсіп, 14,8 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар — 5,8 трлн теңге, табыс салығы — 5,5 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салық — 2 трлн теңге, әлеуметтік салық — 1 трлн теңге, мүлік салығы — 455,3 млрд теңгені құрады.

Салықтық емес түсімдер бір жылда 41,1% өсіп, 584,8 млрд теңгеге жетті. Олардың басым бөлігі мемлекеттік меншіктен түскен кірістерден (338,9 млрд теңге), сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен немесе ҚР Ұлттық банкінің бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұл, өсімпұл, санкция, өндіріп алулардан (112,8 млрд теңге) түскен.

Негізгі капиталды сатудан түскен кіріс 239,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15% артық. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан 200,2 млрд теңге, жер учаскелері мен материалдық емес активтерді сатудан — 32,8 млрд теңге, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан — 7 млрд теңге кіріс түсті.

2022 жылдың он екі айында трансферттердің түсімдері бір жыл ішінде 1,8% өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.

Былтыр он екі айдағы мемлекеттік бюджет шығындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі: 21% немесе 4,52 трлн теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,8% артық.

Тағы 20,9%-ы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалды: 4,5 трлн теңге — бір жыл бұрынғыдан 11,6% артық.

Шығындардың 9,8%-ы денсаулық сақтау саласына түсті: 2,1 млрд теңге, бір жыл бұрынғы 2,3 млрд теңгемен салыстырғанда 6,5% азайған.

Бір жыл ішінде шығындардың ең көп өсімі өнеркәсіпте (91,8%, 111,4 млрд теңгеге дейін), ең азы — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында (5,9%, 1,3 трлн теңгеге дейін) байқалды.

Биыл наурыз айында республикалық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 800 млрд теңге қосымша нысаналы трансферт тартылатыны белгілі болды.

Сенаттың жалпы отырысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бюджеттің жаңа параметрлері туралы айтты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago