Фото: Zen.yandex.ru
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбет мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрық қабылдады.
Министр енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша берілетінін айтты.
Бұйрықтың негізгі тармақтары мынадай:
1. Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілді.
Олардың ішінде:
— өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Сондай-ақ, дабыл түймесі мен ішкі дауыстық ескерту жүйесі болуы қажет.
— Міндетті түрде бейнекамералар орнату.
— Ерекше білім беру қажеттігі бар балалар үшін арнайы жағдай жасау.
— Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитар нормаларына сай болуы.
— Балаларға қолайлы пәндік дамыту ортасын қалыптастыру үшін балабақшаларды қажет құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау.
— Медициналық көмек беруді қамтамасыз ету;
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына қойылатын талаптар күшейтілді. Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін тиісті біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет.
3. Мемлекеттік тапсырысты беру тетігі өзгертілді. Бұрын білім басқармалары мемлекеттік тапсырысты берген кезде белгілі бір балабақшаға нақты орын санын көрсетсе (мысалы, «Балбөбек» — 100 орын, «Еркетай» — 100 орын), енді барлық талапқа сай келетін балабақшалар мемлекеттік тапсырыс алатын ұйымдардың жалпы тізбесіне енгізіледі. Содан кейін ата-аналардың өзі балабақшаға жолдама алған кезде осы тізімнен нақты балабақшаны таңдай алады. Демек ата-ана балабақшаны таңдағанына қарай, сонша орынға сай балабақша қаржыландырылады.
4. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Егер бұрын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар көп құжатты ұсыну қажет болса, енді тізім 4 құжатқа дейін қысқартылды. Қалған құжаттар ақпарат жүйелерінен алынады.
5. Электрон түбіртектер енгізіледі. Бұл шара «жалған орынға» айналған қауіпті азайтуға көмектеседі. Бұл мектепке дейінгі ұйымға қаржы беріліп, ал бұл қаржыға ұйымдағы бала саны сай келмеген жағдайда керек.
6. Енді білім басқармаларына мемлекеттік тапсырысты беру тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін балабақшалардың жұмысымен, жағдайымен танысу құқығы берілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық алдын алу үшін мұндай мониторинг міндетті түрде балабақшалар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі керек.
7. Рәсімнің ашықтығы үшін өтінімдер мен барлық құжатты комиссия міндетті түрде видео және аудиожазбамен қарайды.
Сонымен бірге мемлекеттік тапсырысты алу үшін берілген өтінімдер мен құжаттарды енді білім бөлімі сайтқа жариялауға тиіс. Жұртшылық ұсынылған құжаттарды көре алады, соның негізінде осы мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алушылар тізіміне енгізілген. Бұл шара сыбайлас жемқорлық қаупін азайтып, мемлекеттік тапсырыс берудің ашықтығын қамтамасыз етуі керек.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…