Менің елім соғысты тоқтатса екен деп күнде тілеймін – Земфира

Кипрдің Лимасол қаласында өткен концертінде Ресей әншісі Земфира Украинадағы соғысқа қарсы ойын білдірді, деп жазды Азаттық радиосы.

Залдағы тыңдаушылардың бірі жазып алған Земфира сөзінің видеосы жексенбінің кешінде «ЧТД» телеграм-арнасында пайда болған.

Бүгін соғыстың басталғаны 228 күн болды, 228 күн тозақ. Осы уақытта көп ойландым. Сахнада сөйлегенді ұнатпаймын, сөйлей де алмаймын, бірақ менің елім осы соғысты тоқтатса екен деп күнде құдайдан тілеймін,

деді әнші.

Осы сөзінен соң әнші «Атпаңдар» деген әнін салған.

Земфира Лимасолдан кейін Тель-Авив, Стамбул, Вена, Прага, Оффенбах-ам-Майн, Гамбург, Берлин, Париж және Гаага қалаларында концерт өткізеді. Турне 3 қарашада Лондонның Royal Albert Hall концерт залында аяқталады.

Биыл ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң Ресейдің көптеген белгілі музыкантттары соғысқа қарсылығын білдірген. Осыған байланысты олардың Ресейдегі концерттеріне тыйым салынған. Музыканттардың кейбірі Ресейден кетіп қалса, кейбірі қысымға ұшыраған. Ресей билігі рэпер Оксимиронды «шетел агенті» десе, әнші Юрий Шевчукке Ресей әскеріне тіл тигізгені үшін 50 мың рубль айыппұл салған.

Маусым айынан бастап Ресейдің концерт агенттіктері «сахнада соғысқа қарсы сөз айтпау» туралы әншілермен келісім жасаса бастаған. Әртістерге Украинаның мемлекеттік символдарын пайдалануға тыйым салған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago