Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық құпиясын бөлісті. Хитменнің анасы Қайрат Нұртастың жұбайына қатысты көпшілік сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі продюсердің жазбасының астына «Гүлзира, барлығын желіге салып отырсыз. Тойды тамашаладық. Бірақ отбасы жайлы айтқанда, бәрі шынайы болуы керек сияқты. Неге үлкен құдаларыңыз бен үлкен келініңіз Жұлдыз жайлы айтпайсыз? Ол да бір отбасылық тәжірибе ғой. Айта отырыңыз», — деп пікір қалдырған.
Ал Гүлзира Айдарбекова бәрі тек өзіне байланысты еместігін атап өтті.
Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, «Гүлекең күн бермейді екен», «Ауызын ашып ұрысыпты» дегенді естідіңіз бе?
Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз,
деп жауап берді продюсер Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдукәрімова Қайраттың кенже інісі Заңғардың екінші рет үйлену тойына қатыспаған. Бұл жұртшылықтың көкейінде жұлдызды жұптың қарым-қатынасына қатысты сұрақтар туындатты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…