Дін

Мешітте берілетін неке куәлігі құжат емес, естелік қана – Нұрлан Имам

Әлеуметтік желідегі белсенділігімен танымал Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов некені мешітте қиғызуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі xабарлайды. 

Имамның айтуынша, неке Қазақстан заңнамасына сай тіркелу үшін АХАТ бөліміне барып тіркелу қажет. Ал мешітте неке қиғызу бұл рәсімнің баламасы бола алмайды. 

Елімізде мешіттерде жүргізілетін діни неке қию рәсімі діни жоралғылардың санатына жатады. Қиылған некені куәландыратын неке куәлігі некелесушілерге тек естелік ретінде ғана беріледі. Ол куәлік Қазақстан Республикасы, АХАТ бөлімімен берілетін неке құжатына тең келетін дәрежедегі заңды күшке ие емес. Осыған орай, еліміздегі барлық мешіттердегі неке қию рәсімі тек қана АХАТ бөлімінің тіркеуінен кейін жүргізіледі. Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады,

дейді Нұрлан Асанов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago