Атақ және ақша

Мешітте тұратын Нұрлан имам үйлі болды

Көпшілікке TikTok  әлеуметтік желісі арқылы танылған имам Нұрлан Байжігітұлы үйлі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Нұрлан Байжігітұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Ал күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы имамның жаңа қонысына барып, шашу шашты.

Видеодан Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашумен кіргенін көруге болады. Желі қолданушылары Нұрлан имамның бұл жаңалығына қуанышты екенін жарыса жазды.

  • Үйі жоқ деп еді, жақсы болған екен,
  • Құтты болсын!
  • Берекелді шаңырақ болсын,
  • Қоныс құтты болсын,іші жанға, сырты малға толсын,
  • Шын жүректен қуаныштымын,
  • Өзім үй алғандай қуанып отырмын, — деген сарындағы пікірлер көп.

Бұған дейін ол мешітте тұратынын айтқан еді.

Ел бар, халық бар. Халық молданы  асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі  оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді,

деген болатын имам Нұрлан Байжігітұлы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago