Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел ішінде талқыға түскен хиджаб мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша кейбір діни киімдерге ғана шектеу қойылады. Бірақ бұл қадамның хиджабқа мүлдем қатысы жоқ.
Қазір көбісі хиджабқа тыйым салады деп айтуда. Әңгіме никаб, паранджа сияқты адам бетін толық тұмшалап, оның кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейтін киімдер жайлы болып тұр. Бұл өзін өркениетті санайтын барлық елде бар ереже, себебі мәселе қауіпсіздікке тіреледі.
Сондай-ақ, мемлекет ешқашан зайырлылық жолдан да, діни наным-сенім бостандығынан да бас тартпайды. Өйткені, бұл Атазаңда тайға таңба басқандай жазылған қағида. Осыны қоғамға жеткізу қажет деп ойлаймын. Өйткені халықтың біраз бөлігі қобалжып, ресми өтініштер жазып, петицияларға қол қоя бастады,
деді министр.
Сонымен қатар Балаева министрліктің дін саласындағы уәкілетті орган ретінде үкіметке мәжіліс депутаттарынан, сенат депутатынан келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерттейтінін айтты.
Осы мәселелердің барлығы талқыланады. Министрлікте қоғамдық, сараптамалық кеңестер бар. Сондықтан заңнамалық өзгерістерді талап ететін барлық мәселелер жай ғана себепсіз қабылданбайды.
Алдымен сарапшылар мен қоғам арасында пікірталас болады, содан кейін ғана нақты шаралар қолға алынады. Одан басқа, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті шараларды қабылдау – уақыт талабы. Біздің басты басымдықтарымыз қашанда ел бірлігі мен тұрақты даму болды. Және бұл басымдықтар күн сайын жаңартылып отырады. Сондықтан ел қауіпсіздігіне мемлекет қана емес, әрбір адам жауапты екенін түсінуіңіз өте маңызды. Сондықтан, мен баршаларыңызды арандатушылық пиғылдағы әңгімені доғарып, бұл тақырыпқа байыппен қарауға шақырамын,
деді Аида Балаева.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін екені айтылған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…