Categories: Қоғам

Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен арыз жазды. Бұл туралы бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары Әбішевке қатысты апелляциялық отырыста мәлім болды.

Олжас Әбішев полицияға жауап алуға шақырылғандықтан соттан отырысты 25 қаңтарға ауыстыруды сұрады.

Маған полициядан қоңырау шалып, қазіргі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы сотта айтылған материалдарға қатысты арыз бергенін айтты. Бұл мені таңғалдырды, өйткені бұл материалдардың барлығы ашық көздерден алынған, бұл инсайдерлік ақпарат емес. Неліктен маған полицияға арыз бергенін түсіне алмай жүрмін. Адвокат Фатима Берсанова кеше осы мәлімдемемен танысу үшін полицияға барды, бірақ бұл мәлімдемеден біз бейхабармыз, егжей-тегжейін білмейміз. Мен мұндай әрекетті қысым көрсету деп қабылдаймын, өйткені осы сотта біз денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшылығының барлық жағымсыз әрекетін көпшілік алдында көрсетеміз,

деді Әбішев.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мақұлбекова арыз денсаулық сақтау министрі Ғиният қол қойды делінген Біртанов пен Әбішевті қолдау туралы петицияға қатысты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Әбішев сотта осы петицияның скриншотын көрсеткендіктен Ғиният өзінің электронды қолтаңбасын қоймаған, министр жағдайды анықтау үшін полицияға жүгінген.

Сот алқасы өтінішті қанағаттандырмай, істі қарауды жалғастырды, өйткені сотқа Әбішевтің полицияға шақырылғаны туралы ресми өтініш түспеген.

Айта кетері, 2022 жылдың 6 желтоқсанында медицина қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істі назарға алуды өтінген болатын. Петиция otinish.kz сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 28 қазанда бірінші сатыдағы сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру процесінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Біртановқа 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді, Әбішев төрт жылға бас бостандығын шектелді.

Қорғаушы тарап сот үкімімен келіспеді. Бұрынғы шенеуніктердің апелляциясын судья Айбек Әмірғалиевтің төрағалығымен Сарыарқа аудандық № 2 сотының сот алқасы қарайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago