Министр Маңғыстаудағы жедел жәрдем қызметкерлері ереуіліне пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі бүгінде мәселе жабылғанын, жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шыққанын айтып өтті.

Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін медициналық емес қызметкерлердің жалақысы биылдан бастап 20% өседі және 2025 жылға дейін өсе береді. Бізде дәрігерлердің орташа жалақысы – 350 мың теңге, медбикелердікі – 230 мың теңге, жүргізушілердікі – 100 мың теңге. Біз жалақыны біртіндеп көтереміз. Бірақ Маңғыстау облысының дәрігерлері талап еткендей жалақыны 350 мың теңгеге көтеру әзірше шындыққа жанаспайды,

деп түсіндірді министр Ажар Ғиният мәжіліс сыртында.

11 және 12 қыркүйекте Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметкерлері жұмысын жартылай тоқтатып, ереуілге шықты. Олар жалақыны, әлеуметтік пакетті және фельдшерлер мен жедел жәрдем бригадасын көбейтуді талап етті.

14 қыркүйекте жедел жәрдем станциясы ереуілге байланысты өз қызметкерлерін сотқа берді.

Бүкіл әлемде жедел медициналық көмек көрсететін қызметтер өз жұмысын тастамауы керек. Осы уақытта науқастың бірінің жағдайы нашарласа немесе Құдай сақтасын, өлімге әкеліп соқтырса, сот деңгейінде де қатаң процесс болады,

деді министр Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Маңғыстауда облыстық жедел және шұғыл жәрдемнің фельдшерлері мен көлік жүргізушілері жұмыстарын тоқтатып тастаған еді. Кейін Ақтау соты жұмысқа шықпай қойып, наразылық білдірген жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығаруға үкім шығарды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago