Министрлік коронавирусты дәрімен емдеуге асықпай отыр

Америкалық фрамацевтикалық компания олардың жаңа дәрісі коронавируспен күресуге тиімді екенін мәлімдеді. Дегенмен Қазақстан оны сатып алмай отыр. Мұның себебін Денсаулық сақтау вице-министрі айтып берді.

Коронавируспен әлем болып әлі күресіп жатырмыз. Қазір елдер вируспен күрестің және оны емдеудің түрлі әдісін қолданып жатыр. Солардың бірі — сертификатталған дәрі препараттары. Мысалы, 2021 жылы көктемде Pfizer компаниясы адамдарға «Паксловид» дәрісін беріп, сынақ өткізе бастады. Компания препарат жақсы нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы дәріні мақұлдап, қолдануға рұқсат етті.

Дегенмен Қазақстан дәріні сатып алуға асықпай отыр. Оның себебін Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі брифингісінде айтып берді.

Қазір біздің клиникалық хаттама әзірлеушілеріміз осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз коронавирусты емдеуге қолданылатын бірқатар дәріні зерттеп жатырмыз. Бірақ олардың бәрі зерттеудің соңғы кезеңінен өте алмады. Бірқатар ел қазіргі жағдайда осы препараттарды шұғыл қолдануды ұсынды. Барлық материалды зерттегеннен кейін нәтижесін хабарлаймыз,

деді Айжан Есмағамбетова.

Нәтиже бір ай ішінде дайын болуы мүмкін.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago