Министрлік мұғалімдерден шағым қабылдайтын телеграм чатын іске қосады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерден шағым қабылдайтын«Педагогті қорғау» телеграм чатын іске қосады.

Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов ведомствоның аппарат кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсыныстар дайындады.

  • Бірінші. Комитет білім беру ұйымдарындағы барлық бақылау іс-шаралары шеңберінде педагогтерден артық есептілікті талап ету фактілерін қатаң тексеретін болады. Мемлекеттік аттестация барысында, профилактикалық бақылау кезінде, жоспардан тыс бақылау барысында біз осы мәселеге терең тоқталамыз.
  • Екінші. Қараша-желтоқсан айларында облыстық білім басқармалары мен аудандық, қалалық білім бөлімдері ҰБДҚ-да бар ақпаратты мектептерден сұрату қызметіне мониторинг жүргізеді. Барлық аудандық және қалалық білім беру бөлімдері қамтылады. Қағазбастылықтың артуы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, олардың ішіндегі әдістемелік кабинеттердің ҰБДҚ базасын дұрыс пайдаланбау себебінен деп білеміз. Сонымен қатар кейжағдайларда мектептердің ҰБДҚ-ның ұқыптап, толық және нақты толырмауынан да олардан қосымша ақпарат сұралады.
  • Үшінші. Әр педагогтің құқығын қорғау үшін арыздар мен шағымдарды қабылдайтын қосымша –«Педагогті қорғау» телеграм чаты өз қызметін бастайды. Ол чатқа келіп түскен әр ақпарат, әрбір өтініш тікелей комитет пен аумақтық департаменттердің бақылауында болады. Әрбір өтініш бойныша кері байланыс беріліп отырады.
  • Төртінші. Аталған мәселе бойынша өңірлердегі жағдайды обьективті бағалау үшін мұғалімдер арасында анонимді-электрондық сауалнама жүргізіледі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago