Categories: Қоғам

Министрлік марқұм сарбаздың адвокаты жасаған мәлімдемеге пікір білдірді

Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыпталғанның мүддесін қорғаушы, адвокат Сержан Пірәлиев қылмыстық істің деректерін жария еткені үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz. 

20 қаңтарда адвокат әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Ол ДНК талдау кезінде анықталған фактілерге тергеушілердің назар аударуын сұрады. Сондай-ақ Пірәлиев сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын айтты.

Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды,

делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады. Ол белбеуіне асылулы тұрған күйінде табылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago