Экономика

Министрлік пен ArcelorMittal Temirtau бірлескен мәлімдеме жасады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ArcelorMittal Temirtau бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде биыл 28 қазанда Костенко көмір шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқаны айтылған. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларын қолдау үшін барлық күш-жігер жұмсалып, оқиғаның себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, ведомство мен компаниядағылар Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal компаниясының ArcelorMittal Temirtau меншігін Қазақстан үкіметіне беру туралы мәмілені хабарлады.

Бұл келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілді және жақында Қазақстан Республикасының үкіметі мен АМТ-ның, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің болашақ бағытына қатысты алдын ала келісімге келді. ArcelorMittal Temirtau — ішкі және өңірлік нарықтардағы ең маңызды болат материалдарын жеткізушілердің бірі. Осы жылдар ішінде компания өзін барлық таңдалған нарықта болат тұтынушыларына стратегиялық серіктес ретінде көрсетті. Сондықтан АМТ қызметін тиімді жоспарлаумен ұйымдастыру және оның мүдделі тараптары үшін кез келген қолайсыздықты болдырмау үшін барлық күш-жігер жұмсалады,

делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ мәлімдемеде АМТ-ның барлық мүдделі тарабына, әсіресе оның клиенттеріне, мердігерлері мен жеткізушілеріне үндеу жасалған:

ArcelorMittal Temirtau-мен (Теміртаудағы болат зауытын, көмір бөлімшесін, Ақтаудағы құбыр зауытын және ТМД елдеріндегі өкілдіктерді, еншілес кәсіпорындарды қоса алғанда) байланысты барлық құқығы мен міндеттемесі сақталады. Қазақстан Республикасының үкіметі мен АМТ-ның барлық құқығы мен міндеттемесін, соның ішінде клиенттермен жеткізу келісімдерін, жеткізушілерден мердігерлердің қызметтерін қоса алғанда, тауарлар мен қызметтерді қабылдауды, қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді және тағы басқасын сақтауға қатысты бизнесті толық жалғастыруды қамтамасыз етеді,

дейді үкімет пен компания өкілдері.

Сондай-ақ тапсырыстарды брондау, келісімшарттар жасасу, жөнелту, есеп айырысу және жеткізушілермен келісімшарттар жасасуды қоса алғанда, АМТ бизнес-процестері әдеттегідей жұмыс істейтіні айтылған.

«AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтауды жалғастырады және болашақта да солай етуге тырысады. Қолдауыңыз үшін рақмет», — делінген бірлескен мәлімдемеде.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago