Categories: Білім

Министрлік ЖОО-ларда психологтерді даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынды

Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осылай мәлім етіп, мәселе көтерді.

Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Олардың (мамандардың – автор) саны жеткіліксіз. Бұдан бөлек, жыл сайын балалардың құқық бұзушылық жағадайының түр-сипаты өзгеруде. Бір құқық бұзушылық жағдай екінші оқиғаға ұқсамайды. Жаңа буллингтің, қатыгездіктің түрлері пайда болып жатыр. Бұл интернеттің ашықтығымен байланысты. Мамандардың біліктілігін арттыру күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің жаңа моделін қабылдау мәселесі өзекті. Қазір министрлік осы бағытта жұмыс жасауда. Оның ішінде жоғары оқу орындарында психолог мамандарды даярлау бағдардамасына да тиісті өзгерістер керек,

деді Еділ Оспан.

Оның пайымынша, балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру маңызды. Бұл орайда ата-аналар өз перзенттерінің ғаламтордағы іс-әрекетіне бақылауды күшейту керек. Ол үшін вице-министр жағымсыз ақпараттарға шектеу қоятын мобильді қосымшалардыы қолдануды ұсынды.

Сондай-ақ, Еділ Оспан қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепке алынғанын айтты.

Бұған қоса, өткен жылы бала алдындағы ата-ана міндетін орындамаған 7 мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago