Фото: Moneyman.ru
Белгісіз тұлғалар өзін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, әлеуметтік көмек беруге уәде беріп жатыр. Бұл туралы министрлік хабарлады.
Олар 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек беруге уәде етеді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Материалдық көмек береміз деп белгісіз біреулер азаматтардың шотындағы «тыйым салуды» алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (хабарласқан азаматтың бәрінде несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған).
Азаматтар уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан «тыйым салуды» алып тастағаннан кейін әлгі хабарласқандар техникалық ақау шығып, көмек бере алмайтынын айтады,
делінген хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлем азаматтардың өтініші негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.
Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұрайды. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатыны да айтылды.
Министрлік алаяқтарға алданған азамат дереу полицияға хабарласу керек екенін еске салды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…