«Өмірімде ең басты екі әйел бар»: Мұхтар Жәкішев жеке өмірі туралы қауесеттерге нүкте қойды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішев жеке өмірі туралы толық ақпаратты айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кәсіпкер Арманжан Байтосовтың Youtube-арнасындағы сұхбатында жақында тағы бір баласы дүниеге келгенін растады. Кәсіпкердің екінші әйелі Динара қыз баланы дүниеге әкелген. “Дәрігерлердің толық бақылауынан өтті, өзін жақсы сезінеді” деген Жәкішев сәбиінің есімін анасының құрметіне Айриса деп қойғанын айтты. 

Менің балаларымның есімі міндетті түрде “ай” деген сөзден басталады. Екіншіден, анамның атына да ұқсатуды жөн көрдік. Анамның аты Райса. Философиялық тұрғыдан қарағанда, анам өмірден өтті, жаңа адам келді дегендей ғой. Бірақ бұл орын алмасу емес, анама деген құрмет деп қарау керек,

деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол екінші әйелі Динарамен қарым-қатынасының қашан басталғанын, бірінші келіншегімен қашан ажырасқанын да бүкпесіз айтып берді. 

“Мен жеке өмірім жайлы көп айтпаушы едім. Өйткені балаларым әкесінің атағымен жетістікке жеткілері келмеді. Маған “әке, біз туралы көпшілікке айтпаңыз, өз жолымызды тауып, жетістікке өз күшімізбен жеткіміз келеді” дейтін. Балаларымның бұл ұсынысын қолдадым. Жәмиламен біз ресми түрде 2013 жылы ажырастық. Бірақ құжат рәсімдеу жағы басымдағы жағдайларға байланысты сәл созбаланып кетті. Десе де, Жәмила екеуіміз бөлек тұруға шешім қабылдадық. Осы уақыт аралығында ол менсіз бала тәрбиесін мойнына алды. Қиын болғанын түсінемін. Бірақ соған қарамастан, балаларымызды тәрбиелеп өсірді. Жәмилаға ризамын. Мені қамауға алғанда кіші балам 9 жаста болды. Бостандыққа ол 20-ға толғанда шықтым. Осы жерде айта кететін жайт, біз ресми түрде ажырассақ та, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз, байланысымыз сол қалпында қалды. Жәмила менің бостандыққа шығуыма ерекше үлес қосты.

Ал Динарамен қарым-қатынасымыз 2015 жылы басталды. 2016 жылы қызым дүниеге келді. Оны әлеуметтік желіде көріп те жүрген шығарсыздар. Есімі Айлин. Алғаш Айлинді 30 күндігінде көрдім. Кейін Динара әр 3 ай сайын кездесуге алып келіп тұрушы еді. Бұл мен үшін үлкен қолдау болды. Қиындықты жеңіп шығуға дем берді. Динараның осы жақсылығы үшін алғысым шексіз. Өйткені ол да баланы жалғыз өсірді. Бүкіл қиындық мойнына түсті. Сондықтан менің өмірімде ең басты екі әйел – алғашқы жарым Жәмила және қазіргі келіншегім Динара”, – деп ағынан жарылды. 

Айта кету керек, Мұхтар Жәкішевтің бірінші әйелінен бес баласы бар: Айгерім, Алтынай, Айдай, Айсұлу есімді қыздары және Айтөре есімді ұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдың 12 наурызында сот Жәкішевті сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. 2020 жылы Семей соты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago