Categories: Экономика

Әлемдік бағалар барлық максимумды бұзып жатыр — Смайылов

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Энергетикалық және азық-түлік тұрақтылығына инвестициялар. Қазақстандық кейс» Astana Finance Days 2022 конференциясында сөз сөйледі.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Жоғары Кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Condor Petroleum Inc. компаниясының басқарушы директоры Норман Сторм, Қазақстандағы Çalık Holding аймақтық директоры Кенан Аккирман және басқалар қатысты. Бұл туралы министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: пресс-служба премьер-министра

Әлихан Смайылов өз сөзінде көмірсутектер мен азық-түліктің әлемдік бағасы тарихи максимумда екенін, бұл көптеген елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететінін атап өтті.

Осыны ұғына отырып, біз Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың басында бастамашы болған саяси реформаларының дер кезінде жасалғанын бағалай аламыз. Бұл реформалар өз кезегінде елдегі терең экономикалық өзгерістерге әкеледі,

деді ҚР премьер-министрі.

Үкімет басшысы берік саяси және экономикалық базаға ие бола отырып, Қазақстан бүгінде ЕАЭО мен Қытайды қоса алғанда, көлемі бір млрд-тан астам әлеуетті тұтынушылардың ірі әлемдік нарықтарға шығатын «қақпасы» болып табылатынын және ол Орталық Азиядағы транзиттік хаб болып саналатынын атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз 390 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның басым бөлігі соңғы он жылда.

2021 жылы инвестициялардың жалпы ағыны $24 млрд құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға жоғары. Бұл ретте мұнай және газ саласына салынған салымдар тек 28%-ды құрады, ал 2018-2019 жылдары олардың үлесі 50%-ға тең болды.

Бұл ел экономикасының белсенді әртараптандырылуын көрсетеді. Шикізат бағасының жаһандық өзгерісін ескере отырып, біз қазір энергетикалық және ауылшаруашылық мүмкіндіктерімізді көбірек зерттеуіміз керек,

деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, елеулі табиғи қорлар елімізді әлемдік тауар нарықтарына маңызды жеткізуші етеді. Сонымен қатар, Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы бойынша әлемде алтыншы орын алады.

Екі сектор да жоғары қайта бөлу өнімдерін жасауға инвестициялар тарту үшін басым сектор болып табылады. Осыған байланысты Үкімет Қазақстанға келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасап, кешенді қолдау көрсетуде,

деді премьер-министр

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеңілдетілген инвестициялық режим қарастырылған 13 арнайы экономикалық және 36 индустриялық аймақ құрылды.

Бұдан басқа, елімізде құрылған жалпы ағылшын құқығы режимі есебінен бүкіл әлемнен инвесторларды тарту нүктесі болып табылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді.

Үкімет шетелдік инвесторларды келісімшарттар жасасуға және жаңа жобаларды іске асыруға шақырады. Біз инвесторлардың мүдделері барынша қолжетімді көлемде ескерілетініне кепілдік бере аламыз,

деп қорытындылады Әлихан Смайылов.
GN

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago