Атақ және ақша

«Міржақып: Оян, Қазақ» фильмі 107 млн теңге жинады

Парадокс. Бұл фильм прокатқа шықпай тұрып Qazaqstan телеарнасында үш рет көрсетілді – ерекше қызығушылық болмаған.

Тикетон сайты 12-15 қазан аралығында көрсетілген фильмдердің кассалық түсімі туралы деректі жариялады.

Бірінші орында «Міржақып: Оян, Қазақ» фильмі 107 млн теңге жинаған.

Ал өзге отандық фильмдер арасында «Сoco&Janbo» фильмінің кассасы 62 млн теңге, «Байдың қызын аламын» 24 млн теңге, «Белгісіз батырлар» 18 млн теңге.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, «Міржақып. Оян, қазақ!» фильміне көрерменнің мұншалықты қызығушылық танытып, ажиотаж болатынын ешкім күтпеген.

Мұндай дүрбелең болады деп ойламадық. Көрермендер қызығушылық танытқаннан кейін біз оны тағы бір аптаға ұзарттық. Қазір прокат аяқталды. Бізде басқа да фильмдер бар, сондықтан мұнда ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Парадокс сол, бұл фильм Qazaqstan телеарнасында үш рет көрсетілді – ерекше қызығушылық болған жоқ. Қазір фильм көпшіліктің назарына, YouTube-қа салынды,

деді Аида Балаева бүгінгі брифиңде.

Фильм бастапқыда телесериал ретінде түсірілген. Барлық 6 бөлімді YouTube желісінен көре аласыз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago