Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияевке әлеуметтік желіде тіл тигізген тағы бір азаматқа сот үкімі шықты, деп жазады oinet.kz.

28 жастағы тұрғын президентке тіл тигізгені үшін  2 жыл 6 айға еңбекпен түзеу жұмыстарына сотталған.

«Газета. Uz» порталының жазуынша, сотталушыға үкімді Самарқанд облысы  Иштыхан аудандық соты шығарған.

Сотталушы—осы ауданның тумасы, дәрі-дәрмекпен айналысатын компанияның құрылтайшысы екен. Былтыр 2 мамыр мен 31 тамыз аралығында ол  Instagram желісінде Мирзияев туралы роликтер мен фотоларға оның беделін түсіретін коммент қалдырған. Нақты қандай сөздерді жазғаны белгісіз.

Бірақ Шавкат Мирзияевтің былтыр 9 шілдеде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 87 пайыз дауыспен жеңіске жеткені белгілі. Шамасы, сотталушы пікірді осы сайлау науқаны кезіндегі үгіт насихат роликтері мен фотоларына жазса керек.

Сотта сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындаған. Оның айтуынша, Ташкент облысында ашқан дәріханасына салық инспекциясының қызметкерлері келіп, бірнеше мәрте айыппұл салған. Осыған ызаланған ол Шавкат Мирзияев туралы байқаусызда ауыр сөздерді жазып қойыпты.

Сот оны Қылмыстық кодекстің Президентке қатысты интернет желісін қолдана отырып  көпе-көрінеу жала жабу және қорлау бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Оның Samsung Galaxy A53 телефоны мемлекет пайдасына тәркіленді. Енді сотталушы 2,5 жыл бойы жалақысының 20 пайызын мемлекетке аударып отыруы тиіс.

Өзбекстанда Президентке көпе-көрінеу тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын бап 2021 жылдан бері бар. Бұл бойынша кінәлі деп танылғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ақпарат құралдарындағы мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанда жыл басынан бері мемлекет басшысы мен оның отбасы мүшелеріне тіл тигізгені үшін кем дегенде 10 адам сотталған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago