«Мисс Қазақстан» байқауы басталмай жатып дауға ілікті

Республикалық «Мисс Қазақстан» байқауынан ши шықты. Жақында аталған жобаның басшылығы жаңа ереже енгізген. Соған сай өңірдегі додадан жеңіп шыққан кейбір сұлулар басты байқауға қатыспайтын болыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Атап айтқанда, Петропавл, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Орал, Талдықорғанның намысын қорғаған сұлулар республикалық деңгейде өнер көрсетпейді. Мұны байқау ұйымдастырушылары ереженің өзгергенімен түсіндіреді.

Дода қатысушыларының айтуынша, бұрын өңірлік байқаудан жеңіп шыққандар тікелей республикаға жолдама алса, биыл республиканың өзіне тағы жартылай финал ұйымдастырған көрінеді.

Мысалы, Таразда әу баста ұйымдастырушылар 400 қыздың ішінен Гүлжан Әуесбаеваны таңдап алған. Алайда соңында одан да бас тартқан.

Тараз қаласында өңірлік конкурс өткен жоқ. Ал басқа қалаларда конкурстан өткен қыздарға өте өкінішті. Өзіміз туралы 5 минуттың ішінде қысқаша мағлұмат бердік. Ертесінде, 26 қазанда финалға өтпегенім туралы хабар айтты. Қандай да бір себебін айтқан жоқ,

дейді Гүлжан Әуесбаева.

Ал ұйымдастырушылар биыл байқау ережесін қатаңдаттық деп отыр. Айтуларынша, республикадан жеңген қыз әлемдік додаға қатысатын болғандықтан, барлық талапқа сай келуі керек екен. Сол себепті, іріктеу өте қатал өткен.

Биыл 7 өңірді таңдаған жоқпыз. Өйткені оның арасында 16 жастағы қыз болды. Кәмелетке толмаған қыздар бар. Талапқа сәйкес, оның бойы, түрінен бөлек, қалай өзін көрсетуі, оның энергиясы, интеллекті, білімі – барлығы сәйкес келуі керек. Биылдан бастап әр өңірдегі әр қатысушыға талабымыз жоғарылай бастады. Өйткені біз әлемдік деңгейге қатысу үшін сол стандартқа сәйкес келуіміз керек. «Қазақстан аруы» – біздің бет-бейнеміз,

дейді «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева.

Ұйымдастырушылар республикалық байқауға жолдама алмаған 7 өңір сұлуларының орнына басқалар қатысады дейді. Оларды кастинг арқылы таңдап алыпты. Бірақ финал әлі барлық өңірде толық өткізілмегендіктен, финалистердің нақты тізімін көрсетпеген. Оның аяқталуын 9 қараша күні өтетін баспасөз мәслихатында жарияламақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

12 минут ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago