Жемқорлық

Миттал Қазақстанға «кіру» үшін 100 млн доллар параны кімге берді?

Бұған дейін саясаткер Болат Әбілев Борейкоға берген сұхбатында миллиардер Лакшми Митталдың қазақ жеріне қалай және кімнің ықпалымен келгенін айтқан.

Миттал мырза Қазақстанға Машкевичтің арқасында 1995 жылы күзде келді. Сол жылы Мұхтар Жәкішев екеумізді аустриялық Voestalpine («Фест Альпине») компаниясымен бірге «Қарметкомбинаттан» қуып шықты. Сосын ештеңе істеуге тырысқан да, талпынған да жоқ.

«Қарметкомбинатты» кім басқара алады деген сұрақ туындады. Биліктегілер әуелі ақша салып, кейін жекешелендіріп алу үшін ыңғайлы адам іздеді. Себебі, қылышын сүйретіп қыс келіп қалған. Мұндай алып комбинатты қысқа дайындамаса, тағы болмайды. Кенет, осы кезде Миттал пайда болды. Тіпті, оны Қазақстанға Александр Машкевич ертіп келгені және жоғарыдағылармен жеке таныстырғаны туралы айтылып жатты,

деді Б. Әбілов.

Сондай-ақ, саясаткер 1998 жылы Ұлыбританиядағы ВВС телекомпаниясының өкілі Қазақстанға келіп, өзіне хабарласқанын жеткізген.

«Қарметкомбинатты» екі апта басқарған екенсіз? Біз сізді ол жақтан қандай себепке қатысты қуып шыққанын білеміз…» деген қызық нәрсенің шетін шығарды.

Сөйтсем, Миттал мырза ВВС-ге берген сұхбатында Қазақстанға қалай тап болғанын тәптіштей келе, өзін Машкевич шақырғанын мойындаған.

«Қазақстанға «кіру» үшін ақша бердіңіз бе?» деген тікелей сауалға Миттал

Иә, «комиссиондық» негізде 100 млн АҚШ долларын беріп жібердім,

деп жауап беріпті.

Демек, Миттал 100 млн долларды Машкевичке, ал ол мұны жоғарыда отырғандарға үлестірген.

Өкініштісі, «Қарметкомбинаттың» құны кемі 2 млрд долларға бағаланғанымен, Миттал оны бар-жоғы 220 млн долларға сатып алды. Онда да қаржыны бірден емес, комбинаттың өнімнен түскен пайдамен есептесті.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Миттал Украинадағы дәл осындай зауытқа 5 млрд доллар төлеп қол жеткізген болатын.

Дереккөз: Dala Inside телеграм арнасы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago