Categories: Спорт

Үмітті өшірмеңдер…

Оралдағы «Ястребы» хоккей клубының облыстық бюджеттен 400 млн теңге алатыны белгілі болды.

Бірақ осынша қаржы жұмсап, неге біреудің балаларын бағып-қағып отырмыз?

Бұл хоккей клубында жергілікті бір де бір ойыншы жоқ, деген ақпарат алып отырмын. Яғни, командадағы ойыншылардың бір бөлігі – ресейлік легионерлер, екінші бөлігі – еліміздің басқа аймақтарынан жиналған хоккейшілер. Бұған қоса, бапкерлер қатарында да жергілікті мамандар жоқ екен,

деп күйінеді блогер Аслан Қаженов.

Облыстық спорт басқармасы бұл ақпарат шындыққа жанамаса ма, жоқ па, нақтысын ресми мәлімдейді деп үміттенеміз. Бірақ, жел соқпаса, шөптің басы қимылдамасы анық.

Біреуді бағып-қағуға болады, егер өзімізде басқасының бәрі оңып тұрса.

Қазір осының салдарынан аймақта тамыры тереңге кетіп, мектебі нық қалыптасқан спорттық бағыттар зардап шегіп жатыр. Оған өз көзіммен көріп қайтқан шорт-трек, ауыр атлетика және балалар футболы дәлел.

Масқара. Қазір осы жағдайларды біле тұра ештеңе істелмесе, отандық спорт іріген сайын іри береді. Одан қазіргі буынның да, кейінгі буынның да көңілі қалады. Біз де айта-айта жалығамыз. Сосын қолды бір сілтейміз. Осынша қақсап жүргенім, бірдеңе өзгерсе екен, бірдеңе жаңарса екен, бірдеңе алға жылжыса деген үміт қой.

Үмітті өшірмеңдер…
Арман Ерғалиев

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

15 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

23 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

23 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago